Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған орталықта ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік және құқықтық көмек алу мүмкіндіктері, отбасылық құндылықтарды сақтау және қиын жағдайдан шығудың жолдары туралы пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295477?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау