Іс-шара Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру, мақсатты аудиториялармен жұмыс жүргізудің заманауи әдістерін талқылау және тәжірибе алмасу. Семинарға қала және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты. Семинар жұмысына Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Асқар Сабдин, сондай-ақ Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің Талдау және ақпараттық-насихат бөлімінің басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар қазіргі қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының маңызы, діннің қоғамдағы орны, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі саяси және аумақтық қақтығыстардың себептері жөнінде дәрістер тыңдады. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтар, кейс-талдау, тәжірибе алмасу және тренингтер өткізілді. Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру топтары қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, мақсатты топтармен жұмыс жүргізудің тиімді тетіктері қарастырылды. Іс-шара соңында қатысушылардан сұрақ-жауап алынып, сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1296354?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау