ШҚО Полиция департаменті ескертеді: алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаскөйлер адамның эмоциясын шебер пайдаланады: жақындарыңыз «қиындыққа тап болды» деп қорқытады, оңай ұтып алатын жүлделермен қызықтырады, картаның бұғатталғаны туралы жалған хабарламалар жібереді және хабарландыру сайттары немесе достарыңыздың бұзылған аккаунттары арқылы ақша бопсалайды. 

Олардың басты мақсаты — сізді тосын жағдайда қалдырып, абдыратып, асығыс әрі ойланбастан әрекет етуге мәжбүрлеу.

Ең басты ережені естен шығармаңыздар: сабыр сақтап, ешқашан бөгде адамдарға құпия SMS-кодтарды, PIN-кодтарды және банк карталарының деректерін айтпаған жөн. Бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасамаңыздар. Сондай-ақ алаңдататын хабарламалардың рас-өтірігін туыстарыңызға немесе банкке өздеріңіз қоңырау шалып міндетті түрде тексеріңіздер.

Сақ болыңыздар және өздеріңізді алдауға жол бермеңіздер! Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыздар, дереу «102» арнасына хабарласыңыздар.

Дереккөз: ШҚО ПД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1296353?lang=ru

Exit mobile version