Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Ғ. Молдағалидің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын ұстануы, құмар ойындарға қатысудың алдын алу, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындауы және жалпы мінез-құлық мәдениетін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметінде әдеп қағидаттарын басшылыққа алып, әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті сақтауы қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1295854?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау