Ақмола полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерін мұқият болуға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолаушыларды тасымалдау, бұл жүргізушілерден ерекше назар аударуды және сақтықты талап ететін жауапты жұмыс. Жол қозғалысы ережелерін бұзу жол-көлік оқиғасына және адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін.
Осындай жағдайлардың бірі ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде сағат 10:40 шамасында Көкшетау қаласында Застанциялық (Шанхай) көпір ауданында орын алды. “Yutong” маркалы №11 маршруттық автобус пен “ЗИЛ” жүк көлігі соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен қоғамдық көліктің жолаушысы жеңіл дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша әкімшілік тәртіппен кінәлі адамға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында қоғамдық көлік жүргізушілері 700-ден астам жол ережесін бұзуға жол берген. Автобустардың қатысуымен 9 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Полиция қоғамдық көлік жүргізушілеріне жолаушылар мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі назарыңыз бен жауапкершілігіңізге тікелей байланысты екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1295855?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version