Ақтауда «Қасиетті орын – таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда «Қасиетті орын – таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Ақтауда Маңғыстау облыстық Бекет ата мешіті аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қасиетті орын – таза мекен» акциясы өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының дін істері басқармасы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Акция барысында қатысушылар Бекет Ата мешіті аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты қоқыстан тазартты.

Игі бастамаға Маңғыстау облысының Дін істері басқарма қызметкерлері, Бекет ата мешіті қызметкерлері, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері қатысты.

Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаевтың айтуынша, қоғамның соның ішінде мешіт аумағының таза болуы – баршамызға ортақ міндет.

-«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды осындай ортақ іске жұмылдырып, тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Осындай іс-шараларға белсенді қатысу арқылы біз өзіміз тұратын ортаның көркеюіне үлес қоса аламыз. Осыған орай, барша Маңғыстау тұрғындарын туған жеріміздің тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамын, – деді Байкенже Оңғарбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1295556?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version