Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің айнасы. Әр халықтың тарихы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы ана тілінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Сондықтан тілді құрметтеу – ұлттық құндылықтарды құрметтеу.
Қазақстан үшін мемлекеттік тілдің маңызы ерекше. Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі және қоғамды біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі. Оның қолданылу аясын кеңейту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Мемлекеттік тілді меңгеру – азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, кәсіби және мәдени тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді. Бүгінде қазақ тілін үйренуге және қолдануға арналған түрлі цифрлық платформалар, мобильді қосымшалар, онлайн-курстар мен оқу ресурстарының саны артып келеді. Бұл мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдануға қолайлы жағдай қалыптастырады.
Қазақ тілінің дамуына Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлт зиялыларының қосқан үлесі зор. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалап, әліпби мен оқу құралдарын әзірлеуге, ана тілінде білім беруді дамытуға айрықша еңбек сіңірді. Оның «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөзі тілдің ұлт өміріндегі маңызын айқын көрсетеді.
Мемлекеттік тілді дамыту – басқа тілдерге деген құрметті жоққа шығармайды. Қазақстандағы тілдік әралуандылық – еліміздің мәдени байлығы. Әр этностың тілі мен мәдениетіне құрметпен қарау қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайтады.
Тілді дамыту ең алдымен оны күнделікті өмірде қолданудан басталады. Қарапайым қарым-қатынаста, қызмет барысында, құжат айналымында және қоғамдық ортада қазақ тілін жиі қолдану оның қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді.
Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық. Оны құрметтеу, үйрену және қолдану – елдің болашағына қосылған үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1295555?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау