Балалар сауықтыру ұйымдарында санитариялық-ағарту іс-шаралары аясында шығармашылық конкурс өткізілді
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығының бастамасымен жазғы сауықтыру ұйымдарында балалардың санитариялық-гигиеналық білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жеке бас гигиенасы талаптарын сақтауға баулу мақсатында санитариялық-ағарту іс-шаралары аясында шығармашылық конкурс өткізілді.
Конкурс балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бірнеше номинация бойынша ұйымдастырылды:
«Ең үздік эссе» – салауатты өмір салтын дәріптеу тақырыбында;
«Ең қызықты сурет» – жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау тақырыбында;
«Үздік бейнеролик» – жұқпалы ішек ауруларының алдын алу шаралары тақырыбында.
Балалардың конкурсқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ынталандыру сыйлықтары, мақтау қағаздарымен марапаттау және үздік жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қарастырылды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Ең үздік эссе» номинациясында Өскемен қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы, «Жігер» сауықтыру лагерінің демалушысы Байбусунова Жасмин жеңімпаз атанды.
«Ең қызықты сурет» номинациясында Өскемен қаласындағы Ахмер орта мектебінің 3-сынып оқушысы, «Балалар ауылы» сауықтыру лагерінің демалушысы Симонов Владимир үздік деп танылды.
Ал «Үздік бейнеролик» номинациясында «Болашақ» балалар сауықтыру орталығының медицина қызметкері Ахметова Анар Акымбековна және демалушы балалар — Жұмағалиев Рүстем, Қайрат Ерасыл, Жандосұлы Жігер, Ерболова Айзере, Аскербек Айшолпан, Сабиева Айым жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаздар мен конкурсқа белсенді қатысқан балаларды құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз!
Балалардың санитариялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған осындай шығармашылық іс-шаралар олардың денсаулыққа жауапкершілігін арттырып, санитариялық-гигиеналық талаптарды күнделікті өмірде сақтауға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1296213?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау