Шымкент қаласында кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай қалыптастыру және бизнестің ашық жұмыс істеуін ынталандыру бағытында салықтық қолдау шаралары да қарастырылған. 2024 жылдан бастап кәсіпкерлерді салық міндеттемелерін ашық әрі адал орындауға ынталандыру мақсатында бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлеме 4%-дан 2%-ға төмендетілді. Аталған шараның нәтижесінде осы салық түрі бойынша бюджетке түсетін түсімдер 9 млрд теңгеден 31 млрд теңгеге дейін, яғни шамамен 3 есеге артты. Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету туралы шешім қабылданды. Аталған өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтық жүктемені оңтайландыру кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетуге және бизнестің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1296215?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау