ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНДРОСАЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЕНДРОСАЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін, 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері сенбілікке қатысып, саябақ аумағын тазалауға атсалысты. Тазалық жұмыстары барысында қураған жапырақтар мен бұтақтар жиналып, ағаштардың түптері тазаланып, аумақтағы қоқыстар шығарылды.

Іс-шара қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-saulet/press/news/details/1295985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version