Талдықорған қаласында полиция ойын-сауық орындарының иелері және әкімшілерімен өзара іс-қимылды күшейтуде. Жұмыс кездесуі барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтар көп жиналатын демалыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Кәсіпкерлерге мекеме ішінде және оған іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бейнебақылау жүйелерін жарамды күйде ұстау, күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ жанжалдар мен өзге де құқық бұзушылықтар туралы полицияға дер кезінде хабарлау қажеттігі ескертілді.
Кеpдесуде профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылды. Негізгі міндет — орын алған оқиғаларға жедел әрекет ету ғана емес, олардың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Кездесу қорытындысы бойынша полиция мен бизнес өкілдері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмысты, ақпарат алмасуды және жедел өзара іс-қимылды көздейді.
Ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік — ортақ жұмыстың нәтижесі. Полиция өз тарапынан жағдайды бақылауды жалғастырады, ал кәсіпкерлерден келушілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау талап етіледі.
Ортақ мақсат — тұрғындардың демалыс орындарында уақытын қауіпсіз әрі тыныш өткізуіне жағдай жасап, жанжалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1295973?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау