Дизентерия – негізінен тоқ ішектің қабынуымен сипатталатын, іштің қатты өтуіне, қалтырау және жалпы уыттануға әкелетін жедел жұқпалы ауру.
Дизентерияның белгілері: инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір аптаға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда дизентерия белгілері жұқтырғаннан кейін 2-3 күн өткеннен соң пайда болады.
Ауру кейде жалпы әлсіздік, дімкәстік, жеңіл бас ауруы, тәбеттің жоғалуы, тілдің қақпен жабылуы және сигма тәрізді ішек аймағындағы ауырсыну сезімімен сипатталатын қысқа мерзімді продромальды кезеңнен басталады.
Ең жоғарғы клиникалық кезеңде негізгі көріністері болып табылады:
- жалпы әлсіздік;
- әлсіздік, қажып қалу сезімі;
- бас ауруы;
- тәбеттің нашарлауы;
- қалтырау;
- ыстықтықтың сезілуі;
- безгектік.
- іштің түйіліп ауыруы, әсіресе сол жағында айқын білінеді;
- нәжісте шырыш пен қанның біртіндеп пайда болуы.
Дизентерияның көзі ауру адам немесе симптомсыз тасымалдаушы..
Дизентерия фекальды-оральды жолмен, негізінен тағам (дизентерия Зонне) немесе су (дизентерия Флекснера) арқылы жұғады. Григорьева-Шиги қоздырғышының берілуі негізінен тұрмыстық қарым-қатынас жолымен жүзеге асады.
Дизентерияның алдын алу жеке гигиенаны сақтауды, тағамды қауіпсіз дайындауды және су сапасын бақылауды қамтиды.
Алдын алудың негізгі ережелер:
- Жеке гигиена: Дәретханадан, сырттан келгеннен кейін және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен жуыңыз.
- Қауіпсіз тағам: Жеміс-жидектерді мұқият жуып, ал ет пен балық термиялық өңдеуден өтуге тиіс. Шикі және піскен тағамдар үшін бөлек кесу тақталарын пайдаланыңыз.
- Таза су : Тек қана қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз. Ашық су айдындарында жүзген кезде суды жұтпаңыз.
- Жәндіктермен күресу: Дайындалған тағамды шыбындар мен басқа да жәндіктерден қорғаңыз және үй-жайды таза ұстаңыз.
- Ауырған адамдарға бақылау жүргізу: Инфекция белгілері байқалатын адамдарды дереу анықтап, оқшаулаңыз.
Дайындаған Алматы қаласы Әуезов ауданының СЭББ-сы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Аздекова Рыскуль Жұманқызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1296160?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау