Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция өңірдегі құқық бұзушылықтардың жолын кесуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда облысы аумағында жүргізілген рейд барысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар анықталды.
Демалыс күндері өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізді.
Кезекті рейд нәтижесінде қала аумағында бірнеше жүргізушінің кортеж ұйымдастырғаны анықталып, құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Кортеж қозғалысы барысында жүргізушілер маневр жасау қағидаларын, көлік құралдарына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған. Бұған қоса көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіріп, жол жүрісіне басқа қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуына себеп болған, сондай-ақ көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру ережелерін бұзған.
Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 16-19 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты. 5 құқық бұзушыға қатысты 14 хаттама ресімделіп, айыппұл салынды. Төрт автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Барлық қатысушыларға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту берілді.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет болып табылады және міндетті түрде жауапкершілікке әкеледі.
Полиция рейдтік жұмыстарды жүргізуді жалғастыруда. Мұндай фактілердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды және әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1296183?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version