Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалмауына байланысты Павлодар облысының білім басқармасының «Шарбақты ауданының білім бөлімі» ММ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары толық көлемде жойылмағаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасады. Білім бөліміне анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы оларды орындау мерзімдерін көрсете отырып ақпарат ұсыну жөнінде нұсқама берілді.
Департамент анықталған бұзушылықтардың жойылуына заңнамада белгіленген тәртіппен бақылауды жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1296223?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау