Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы Құлжа 2 тас жолы мекенжайында орналасқан «Халық Арена» көпфункционалды кешенінің аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың дайындықтарын және өзара іс-қимыл деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысанның лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесі тексерілді, террористік қауіп кезінде қаладағы төтенше жағдайлар қызметінің әрекеттері пысықталды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы іс-қимылдардың тиімділігіне баға берілді.
Жалпы, іс-шараның нәтижелері оқу-жаттығуға қатысушылардың дайындық деңгейінің қанағаттанарлық екенін көрсетеді.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1296630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version