Түпқараған ауданында «Hi-Tech» және «Қарасора-2026» іс-шаралары аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда интернет пен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесі өзекті болып отыр.

Осыған байланысты 1-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатқан «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің ЦжЖИТ инженері, полиция аға лейтенанты Г. Мусаева профилактикалық кабинетте тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар банк карталарының деректерін, SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және тек ресми интернет-ресурстарды пайдалану қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесіп, есірткінің зияны, оның заңсыз айналымына жол бермеу және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді.

Азаматтарға заң талаптарын сақтау және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1296631?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version