Аудан әкімінің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың ардагерлері Түркістан қаласына танымдық әрі рухани сапарға аттанды.
Аудан басшысы Жандос Еркінбек ардагерлерді арнайы шығарып салып, ақжолтай тілегін білдірді:
«Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі буынға үлгі. Осындай тағылымды сапарлар арқылы ардагерлеріміздің тарихи-мәдени мұраларымызбен танысып, қасиетті орындарға зиярат етуіне мүмкіндік жасалуда. Түркістан халқымыздың тарихы мен руханиятында айрықша орны бар қасиетті мекен. Сапарларыңыз сәтті өтсін», – деді.
Айта кетсек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аудан әкімінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – аудан ардагерлерінің тағылымды орындарға барып, тарихи мұралармен танысуына мүмкіндік жасау.
Өткен жылы жоба аясында ауданымыздың 100-ге жуық ардагері Түркістан қаласына және Байқоңыр ғарыш айлағына, сондай-ақ киелі мекендерге барып, бабалар рухына Құран бағыштады. Биыл да игі бастама жалғасын тауып, 40 ардагерге танымдық сапар ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта жоба аясында еліміздің өзге де тарихи-мәдени және киелі орындарына сапар жасау жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1296975?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау