Елордалық спортшысы Адель Садақбаева Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында стенд атудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында стенд атудың «скит» бағдарламасындағы командалық жарыстар аяқталды.
Біліктілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Адель Садақбаева, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Зоя Пискун өнер көрсетті.
Бірінші орынды 287 ұпай жинаған Қытай құрамасы иеленді. Үндістан командасы 266 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Адель Садақбаева Қазақстан құрамасы сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1296974?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау