Отбасы күніне орай Қарақия ауданының полиция бөлімінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарақия ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайнарбай Мамаев қатысып, жеке құраммен кездесті.
Кездесу барысында отбасы институтының маңызы, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтау, отбасындағы өзара сыйластық пен бірліктің қоғамдағы орны туралы айтылды.
Қайнарбай Мамаев полиция қызметкерлерімен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қызмет барысында адамгершілік қағидаларды, жауапкершілік пен өзара құрметті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында ардагер полиция қызметкерлеріне отбасы тәрбиесі мен рухани құндылықтарды насихаттайтын «Семья и мера» атты кітапты сыйға тартты.
Кездесу барысында отбасы берекесі мен бірлігі әр шаңырақтың берік негізі екені атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1297131?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау