Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азиадада стенд атудан әйелдер арасындағы финал аяқталды.
Ұлттық құрама көшбасшысы Әсем Орынбай 3-орыннан көрінді. Ол ақтық сында 28 ұпай жинады.
Бұл бағдарламада Қытай өкілі топ жарса, Таиланд өкілі күміс жүлдегер атанды.
Финалдағы тағы бір отандасымыз Зоя Пискун 6-сатыға тұрақтады.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарында Әсем 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1297143?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау