Бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 22 – ші қыркүйек күні Тарбағатай аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының төрағасы О.Канагатов 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.

Екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Мұқатов аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы. Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы баяндама жасады.

Үшінші және төртінші мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Ж.Тұрабаев пен Э.Темирбаева тұрақты комиссиялардың 2025 жылғы есебін берді.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Тюлюбаев «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту бойынша баяндама жасады.

Алтыншы мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру,спорт бөлімінің бас маманы Г.Бақытбек Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1296522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version