2026 жылғы 21 қыркүйекте Рудный қалалық мемлекеттік архивінде “Архив және болашақ ұрпақ” республикалық жобасы аясында Ашық есік күні өтті. Архившілер өз қонақтарына – Рудный қаласының №14 мектебінің 9 сынып оқушыларына және “басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және архвтеу” мамандығы бойынша оқитын Рудный технология және сервис колледжінің студенттеріне архивтің мақсаттары мен міндеттері және архившілердің жұмысы туралы айтып берді. Рудный архивінің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. И.И. Дьячковтың жеке қорының құжаттары бойынша дайындалған “Еңбек және ар-намыс адамы” атты тақырыптық экспозиция ұсынып, оның өмірбаяны туралы айтып берді. архив бойынша экскурсия өткізілді – архивтік құжаттардың қалай тігілетінін және сақталатынын және қағаз құжаттардың цифрлық форматқа қалай аударылатынын айтып, көрсетті. Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты архив құжаттарын пайдалана отырып, Қазақстан мен туған қаланың тарихын зерттеуге тарту және архив қызметінің имиджін арттыру. Іс-шараға барлығы 39 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1296525?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау