«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету тәртібі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘЛІМЕТ САҒАТЫ – «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету тәртібі» туралы
Берғанас Тасқожа – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.
Протездік-ортопедиялық көмек көрсетуші (ПК беруші) тапсырыстарды қабылдап, протездік-ортопедиялық құралдарды дайындау үшін өлшем жүргізеді. Қажет болған жағдайда стационарлық протездеуге шақырады: бастапқы протездеу – 20 жұмыс күніне дейін, қайта протездеу – 7 жұмыс күніне дейін жүзеге асырылады. Өтініш берушінің қалауы бойынша тапсырыс үйде де қабылдануы мүмкін, бұл жағдайда шығу шығыны өтініш беруші есебінен төленеді.
Протездеуге келген алушы жолдаманы, бастапқы протездеу кезіндегі ауру тарихынан үзіндіні, рентген суреттерін, жеке куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасын және флюорографиялық тексеру қорытындысын ұсынады.
ПК беруші әр алушыға протездеу картасын және тапсырыс бланкін рәсімдейді. Протездеу картасы тұрақты сақталады, ал тапсырыс бланкі 5 жыл сақталады.
Дайын құрал өлшеп көру қажет болса, алушының өзіне беріледі. Қажет болмаған жағдайда сенімхат арқылы басқа адамға беруге немесе алушының тұрғылықты жеріне жіберуге болады.
Күрделі протездер тапсырыс өндірісіне берілген күннен бастап 45 жұмыс күніне дейін, ұсақ протездер 7 жұмыс күніне дейін дайындалады. Өлшеп көруге байланысты күту уақыты бұл мерзімге есептелмейді.
Протездік-ортопедиялық көмек алуға байланысты жол жүру, медициналық стационарға жату және протездеу кезінде тұру шығындары мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Жол ақысы белгіленген тарифтер бойынша растайтын билет немесе анықтама негізінде төленеді.
Алушылардың жол жүру шығындары жылына кемінде екі рет өтеледі (ұсақ протездік құралдарды алушылардан басқа). І топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға бір ғана алып жүрушінің жол шығыны өтеледі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1296485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version