Петропавлда «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда жыл сайын ұйымдастырылатын үш күндік «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» оқыту семинарының бесінші әрі қорытынды кезеңі басталды. Жобаны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Оқыту семинарға еліміздің әр өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) мамандары қатысып жатыр.

Үш күн бойы қатысушылар медиа және жасанды интеллект саласындағы сарапшылар мен тренерлерден білім алады. Бағдарламада жастар ресурстық орталықтарының жұмысында жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді пайдалану, жастарға қолдау көрсету, деректер негізінде шешім қабылдау, өзін таныстыру және тиімді коммуникация орнату мәселелері қамтылған.

Бүгінде Қазақстанда 235 жастар ресурстық орталығы бар. Оның 17-сі облыстық, 37-сі қалалық, 181-і аудандық деңгейде жұмыс істейді. Орталықтар жастарға ақпараттық-консультациялық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетеді.

«Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» ЖРО мамандарының кәсіби білігін арттырып, жастармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуды көздейді. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1297188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version