Жамбыл облысындағы гипс өндіруші өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Шара барысында карьерлерді пайдалану, тау-кен жұмыстарын жүргізу, техникалық құрылғыларды қауіпсіз қолдану және өндірістік бақылаудың ұйымдастырылу барысы бағаланды. Тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Мәселен, тау-кен жұмыстарын орындау, жабдықтарды эксплуатациялау және еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру талаптарына қатысты кемшіліктер тіркелді. Осыған байланысты Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары бақылау субъектілеріне анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы нұсқамалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1297187?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау