Қарақияда «Жас сақшы» сыныбы оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Несібек Сарбекұлы Тағаниязовтың қолдауымен Құрық ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің «Жас сақшы» сыныбы оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты қалыптастыру және жастарды тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Мұндай шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және дене шынықтырумен тұрақты айналысуына ықпал етеді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Қарақия ауданының полиция бөлімі жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортпен тұрақты шұғылдануды насихаттауға бағытталған іс-шараларды қолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1297070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version