«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАРЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
           Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының мәдениет саласының ұйымдарына бөлінген қаражаттың, мемлекеттік активтердің пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Е.М. Абдрахмановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Аудит нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарының сақталмауына байланысты жалпы сомасы 90 155,5 мың теңге болатын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: 89 990,2 мың теңге – қаржылық бұзушылықтар
          Отырысқа Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Б.Байсынова қатысты.
          Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н.Р. Қордабай және комиссия мүшелері көтерген бірқатар сұрақтарға басқарма басшысының орынбасары мен аудит объектісінің басшылары жауап берді. Отырыс нәтижесінде тиісті қаулылар қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1297068?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version