Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты кеңейтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрылтай «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.

Құжатқа сәйкес, Банк қаржыландыратын жобалар енді оның қағидалары негізінде іске асырылады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, банк тәжірибесі, қаражат бөлу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, ақпаратты ашу, сатып алуды жүргізу, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік стандарттарға қатысты талаптар сақталуға тиіс.

Осылайша, Негіздемелік келісім Қазақстанда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің болашақ жобалары үшін бірыңғай құқықтық нормалар қалыптастырады. Бұл әрбір жаңа жоба бойынша бірдей талаптарды жеке-жеке белгілемеуге және болашақта сын-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.

Құжаттың негізгі міндеттері – инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту, қаржыландырудың басым секторларын айқындау және жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыру.

Келісімді ратификациялау Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық байланыс және экономиканың басқа да секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1297196?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version