СҚО-да ауыл шаруашылығында пилотсыз технологиялар енгізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыста агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңарту жалғасуда. “Агро-Елецкое” ЖШС-де тестілік режимде ауыл шаруашылығы техникасын пилотсыз басқару технологиясы енгізілуде. Оның көмегімен дала жұмыстарының дәлдігін және техниканы пайдалану тиімділігін арттыру жоспарлануда.
Мемлекет басшысы АӨК цифрландырудың, пилотсыз және дәлдігі жоғары технологияларды енгізудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бүгінде өңірде цифрлық шешімдерді өсімдік шаруашылығы бағытындағы 1 750 агроқұрылым және аралас өндірістегі 1 614 шаруашылық қолданады.
Жаңа технологияларды енгізумен қатар “Агро-Елецкое” ЖШС егіс құрылымын кеңейтіп, жаңа дақылдарды игеруде. Биылғы жылы шаруашылық алғаш рет астыққа жүгері өсіруге 1 мың гектарға жуық жер бөлді. Бұл дақылдарды әртараптандыруға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында кәсіпорын жұмысымен облыс әкімі танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1297034?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version