Еңбекші ауданы аумағында жыл басынан бері қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу және белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері бойынша 3 мыңға жуық дерек анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 545 құқық бұзушылық дрондардың көмегімен әуеден бақылау жүргізу барысында анықталған.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, абаттандыру қағидаларын бұзбауға және ортақ пайдаланылатын аумақтарға ұқыпты қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1296582?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау