«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабының талқылауы өтті.
Тағылымды шараға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков, зиялы қауым өкілдері және қаланың белсенді жастарымен бірге қатысты.
Жиын барысында кітапта қамтылған маңызды тақырыптар мен жекелеген тарауларға тоқталып, өз ой-пікірімізді ортаға салдық. Елдің бүгіні мен болашағы, қоғамның дамуы, азаматтық жауапкершілік пен жас ұрпақтың ел алдындағы міндеті туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар белсенді жастар да кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша ойларын ашық жеткізді.
Бұл еңбек – Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде ел дамуы, мемлекет басқару, ұлттық құндылықтар мен қоғамның болашағы жөнінде айтқан таңдаулы ой-тұжырымдары мен сөздерінің жинағы. Кітапта 1994 жылдан бергі маңызды баяндамалар, сөздер мен ой-толғаулар қамтылып, олар тақырыптық бағыттар бойынша жүйеленген.
Жинақта ұлт сапасы, Заң мен Тәртіп, мемлекеттік басқару, ұлттық экономика, цифрландыру және жасанды интеллект, жастар саясаты, мәдениет пен руханият, халықаралық саясат, экология және «Таза Қазақстан» секілді қоғам мен мемлекет үшін маңызды мәселелер қозғалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1297350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version