Елімізде фитнес индустриясы мамандарына қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын айқындайтын «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіби стандартының жобасы әзірленді. Құжатты әзірлеуге Қазақ ұлттық спорт университетінің өкілдері де қатысты.
Жаңа стандарттың мамандар даярлау жүйесіндегі маңызы туралы Қазақ ұлттық спорт университетінің Академиялық қызмет департаментінің директоры Нұргүл Есмағұлова айтып берді.
«Фитнес-клубтар қызметінің кәсіби стандартын қабылдау – тек сала үшін ғана емес, маман даярлау жүйесі үшін де маңызды қадам. Қазақ ұлттық спорт университеті аталған құжатты әзірлеуге белсенді атсалысып, фитнес индустриясы өкілдері мен білім беру саласының мамандары бас қосқан кәсіби талқылауға алаң ұсынды. Біз үшін бұл құжат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудағы негізгі бағдар. Нарыққа қандай кадрлар қажет екенін – жаттықтырушылардан бастап басқару саласының мамандарына дейін – нақты түсінуіміз керек. Осыған сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын, пәндерді және мамандарды даярлау тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырамыз», – деді Нұргүл Есмағұлова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1297333?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау