Ақтөбеде 150 орындық заманауи оңалту орталығы бой көтеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығы бой көтеруде. Нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Журналисттер құрылыс алаңында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, орталықтың инфрақұрылымы мен жобалық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Кешенде медициналық және оңалту инфрақұрылымы, бассейн, спорт және акт залдары, асхана, сондай-ақ келушілердің уақытша тұруына арналған стационарлық бөлмелер қарастырылған.

Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу және қасбет жұмыстары, Б блогының шатыры мен сантехникалық жұмыстар жүргізілуде. Қалған жұмыстар қатарында қасбеттің жекелеген бөліктерін аяқтау және аумақты абаттандыру жұмыстары бар.

Жаңа орталықтың іске қосылуы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті медициналық және оңалту қызметтерін бір жерде алуға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кешен тұрғындардың оңалту шараларынан өтуіне, денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1297669?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version