Астанада «Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 қыркүйекте Еңбек күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараға МӘС №3 бөлімінің бас маманы Б. С. Ержанова қатысты.

Іс-шара барысында маман медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша, оның ішінде мүгедектікті белгілеу, тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін айқындау, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қатысушыларға тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша ақпарат беріліп, қызықтырған сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың жұмыспен қамту, еңбекке орналастыру және әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша қажетті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1297657?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version