2026 жылғы 21 қыркүйекте Жітіқара өңірлік мемлекеттік архиві оқушылар мен студенттерге арналған «Архив және болашақ ұрпақ» атты Ашық есік күнін өткізді.
Осы күні жалпы білім беретін мектептердің 5 және 7- сынып оқушыларына архив маманы Алтынай Есмурзина «Архив – тарих сақтаушысы» тақырыбында архив бойынша шолу экскурсиясын өткізді. Экскурсия барысында Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің тарихымен танысып, оларға ең көне әрі қызықты архивтік құжаттар таныстырылды. Сондай-ақ оқушылар архив қоймаларына барып, құжаттарды сақтау жағдайларымен және архивтік материалдарды орналастыру ережелерімен танысты.
Қала мектептерінің 10-сынып оқушыларына Жітіқара ауданының медицина қызметкерлеріне арналған, мерейтойлық даталарына орай дәрігерлерді еске алуға арналған «Ақ халатты абзал жандардың тағдыры» атты архивтік құжаттар экспозициясы таныстырылды. Экспозиция барысында оқушылар медицина қызметкерлерінің өмірбаяндарымен, фотосуреттерімен, қызметтік куәліктерімен және кәсіби жетістіктерін көрсететін құжаттармен танысты. Сонымен қатар қонақтарға архив бойынша шолу экскурсиясы өткізілді.
Жітіқара политехникалық колледжінің студенттеріне ««Қостанай минералдары» АҚ – 60 жыл» атты фотоқұжаттық көрмеге экскурсия өткізілді. Архив маманы Алтынай Есмурзина ұсынылған экспонаттар арқылы 1959-2020 жылдар аралығындағы қала құраушы кәсіпорынның құрылу тарихы, қалыптасуы, дамуы және қызметі туралы баяндады.
«Архив және болашақ ұрпақ» атты Ашық есік күніне Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивіне барлығы 92 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1297944?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау