Оқу мен тәжірибе: ШҚО болашақ заңгерлері полиция жұмысымен танысты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Оқу мен тәжірибе: ШҚО болашақ заңгерлері полиция жұмысымен танысты

Оқу аудиториясы бір сәтке полицияның күнделікті қызметі туралы айтатын ашық әңгіме алаңына айналды. Дуальды оқыту аясында Қазақстан-Америка еркін университетінің студенттері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Үмітов «Құқықтану» факультетінің 4-курс студенттеріне сабақ өткізді. Болашақ заңгерлер заңнамадағы соңғы өзгерістермен, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау салаларындағы жаңашылдықтармен танысты.

Теориядан тәжірибеге көшіп, қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалай жүргізілетінін, қылмыстық қудалау органдарының немен айналысатынын және тергеу бөлімшелерінің заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлін талқылады.

Кездесудің тағы бір маңызды бөлігі – мамандықтың болашағына арналды. Студенттерге университетті аяқтағаннан кейін ішкі істер органдарына қызметке орналасу, кәсіби өсу және тергеу бөлімшелеріндегі мансаптық мүмкіндіктер туралы айтылды.

Мұндай кездесулер болашақ мамандарға оқу кезінде-ақ кәсіби қызметтің қыр-сырын ішінен көруге және заң саласындағы білімнің тәжірибеде қалай қолданылатынын түсінуге керемет мүмкіндік.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1297943?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version