Аудан әкімідігінің гранты Шет ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытуға және өз істерін кеңейтуге беріледі.
Жобаға қатысушыға қойылатын талаптар:
– грант кәсіпкерлерге өз ісін кеңейтуге және өз ісін жаңадан ашқан кәсіпкерлерге салалық шектеусіз беріледі (басым бағыт негізінен: өңдеу, қайта өңдеу, қызмет көрсету және ауданда бүгінгі күнде жоқ жобалар);
– кәсіпкердің кемінде жарты жыл кәсіпкер ретінде ауданда тіркеліп, жұмыс істеп тұруы міңдетті;
– грантқа үміткерлер өзінің іске асыратын жобасы бойынша бизнес-жоспарлары болуы қажет. Бизнес-жобасын комиссия отырысында таңыстырады (таныстыру материалдары, слайд, т.б.);
– грант құрылыс жұмыстарына, ғимарат сатып алуға және ғимараттын жалдау ақысын төлеуге берілмейді;
– есепті мерзімге дейін кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекеттік грантқа қатысып грант алғандар қатыса алмайды.
Гранттын мақсаты:
– ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
– ауылдық жерлерде қолдау таппай отырған бизнеске демеу көрсету;
– шағын кәсіпкерлік арқылы жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу;
Грант сомасы:
– гранттын жалпы сомасы 11 000 000 теңгені құрайды. Бір қатысушыға берілетін қаражат көлемін комиссия отырысында, комиссия мүшелері бизнес жобамен таныса отырып анықтайды;
– гранттың ең жоғары берілетін сомасын комиссия мүшелері белгілейді;
Бизнес-жоспарларды таңдау:
– бизнес-жобаның бәсекелесуге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті анықтау-маркетингтік саралау);
– бизнес-идеяның жаңашылдығы;
– бизнестің келешектегі дамуы оның қызмет көрсететін түріне байланысты алдағы уақытта экономикалық дамуын қарау;
– аудан үшін жобаның маңыздылығы;
Аудандық грантқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
– гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім;
– заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
– бизнес-жоба (бүгінгі күнде жұмыс істеп тұрған кәсіптін фото, видео);
– қатысушының («Бизнес-Кеңесші», «Бизнес Бастау») жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі (сертификат) бар болған жағдайда;
– кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжаттың көшірмесі (заңды тұлға атынан-заңды тұлға бекіткен);
– жеке куәліктің көшірмесі және шот нөмері (ЖК ашылған);
– құжаттарды іс папкасына (скоросшиватель) тігіп әкелу қажет;
Конкурсқа қатысу өтінімін (іс папкасына жинақталған) 2026 жылдың 24 қыркүйегінен 12 қазан сағат 18:00 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қабылданбайды. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 10, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ.
Анықтама телефоны: 8 (71031)21-2-14 факс, тел:50-8-44 (жұмыс күндері сағат 9:00 ден-18:30 ге дейін).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1297841?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау