Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында ХХ Азия ойындарының чемпиондары Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаевты салтанатты түрде күтіп алды.
Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өткен ХХ Азия ойындарында ақтөбелік спортшылар аралас жекпе-жектен (MMA) екі алтын медаль жеңіп алды.
🥇 Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақта (Traditional) финалда Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
🥇 Қадырбек Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта (Modern) финалда Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Әуежайда чемпиондарды спорт қауымдастығының өкілдері, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен жанкүйерлер салтанатты түрде күтіп алып, жарқын жеңістерімен құттықтады.
Жерлестерімізді айтулы жеңісімен құттықтаймыз.
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1297842?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау