Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов «Еңбек күні» қарсаңында Шығыс Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарын құттықтап, марапаттады.
Н. Сақтағанов сөзінде: «Еңбек адамы – қоғам мен мемлекет дамуының негізі. Әрбір өндірістік көрсеткіштің, жетістік пен табыстың артында адамның білімі, кәсібилігі және еңбекқорлығы тұр. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – еңбектің маңызы туралы айтып қана қоймай, жұмыс істеуге және кәсіби өсуге лайықты жағдай жасау, әр маманның үлесін әділ бағалау» деп атап өтті.
Аталған салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Б. Қизатов қатысты. «Еңбек күні» салтанатына орай журналистерге сұхбат берді.
Осы орайда, Департамент атынан барлық марапат иелерін және Шығыс Қазақстан тұрғындарын Еңбек күнімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1297843?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау