BATYR TEAM спортшылары облыстық турнирге дайындалуда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күніне арналған Қостанай облысының құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдары қызметкерлері арасында өтетін қазақ күресінен облыстық турнирге дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Жиынға Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері — BATYR TEAM спортшылары қатысуда. Дайындық қазақ күресінен бас бапкер Жасұлан Асхатұлы Жәнібековтің жетекшілігімен жүргізілуде.

Спортшылар алдағы жарысқа белсенді дайындалып, шеберліктерін шыңдауда және жоғары нәтиже көрсетуге бар күш-жігерін салуда.

Спортшыларымызға сәттілік, қайсарлық және алдағы турнирде жеңіс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1297997?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version