Кішкентай сақшылар: ШҚО ПД Кинология бөліміне жаңа көмекшілер келді
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің кинология бөлімі жаңа, төрт аяқты қызметкерлермен толықты!
Бұл күшіктер кездейсоқ таңдалған жоқ. Іріктеу кезінде ең бастысы — олардың қайсарлығына, батылдығына, тартыншақ болмауына және белсенділігіне баса мән беріледі.
Дайындық қалай өтеді?
- 4 айға дейін: Кішкентай сақшылар еркін бапталып, сыртқы тітіркендіргіштерге үйретіледі. Көшедегі шу, әртүрлі дыбыстар, адамдар мен өзге жануарларға бой үйретіп, сабырлы болуды меңгереді.
- 4 айдан кейін: Жас сақшылар ресми түрде департамент теңгеріміне өтіп, негізгі жалпы үйрету курсын бастайды. Бұл кезеңде күшік өз кинологымен тығыз байланыс орнатып, «Маған», «Қатар жүр», «Отыр», «Жат», «Тұр», «Орнына» сияқты басты командаларды орындауды және тыйым салынған әрекеттерді тоқтатуды үйренеді.
Арнайы машықтар:
Жалпы курсты меңгерген соң, күшіктер өздерінің қызметтік бағыты бойынша арнайы дағдыларға өтеді:
- Жарылғыш заттарды табу;
- Есірткі заттарын іздестіру;
- Адамның ізіне түсу.
Басты қағида — қарапайымнан күрделіге өту. Жүйелі жаттығулардың арқасында жас сақшылар кез келген қиын жағдайда қызмет етуге шыңдала түседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1297998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау