«Большевичка» ЖШС аумағында өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қостанай облысы ТЖД бастығы, Департамент бастығының бірінші орынбасары, басқармалар мен Қостанай қаласы бөлімшелерінің бастықтары қатысты.
Таныстырылым барысында қатысушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі, оның ерекшеліктері, қолданылатын материалдар және өндірістің негізгі кезеңдері таныстырылды.
Сондай-ақ ТЖД өкілдері кәсіпорынның өндірістік цехын аралап, арнайы киімді дайындау үдерісімен көрнекі түрде танысты. Қатысушылар тігіншілердің жұмысын, қолданылатын кәсіби жабдықтарды, материалдарды және бұйымдарды тігудің технологиялық кезеңдерін көрді.
Өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын жауынгерлік киімнің сапасына, қолайлылығы мен функционалдық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпорынға бару өндірістік үдеріспен танысуға және өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін дайындаудың негізгі кезеңдерін іс жүзінде көруге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1298028?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау