Қостанай облысында азаматтық қорғау бойынша командалық-штабтық жаттығу өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында азаматтық қорғау жүйесін тиісті жұмыс істеу режимдеріне ауыстыру мәселелері бойынша командалық-штабтық жаттығу өткізілді.

Іс-шара Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Камильевич Абдировтың төрағалығымен және Қостанай облысы әкімдігінің Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасымен бірлесіп өткізілді.

Жаттығуға облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтық қорғау қызметтеріне азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін тиісті жұмыс істеу режимдеріне ауыстыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Жаттығу барысында азаматтық қорғаудың аумақтық құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріліп, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін тиісті режимдерге ауыстыру кезінде облыстық қызметтердің іс-қимыл жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға дайындық деңгейі бағаланды.

Осындай жаттығуларды өткізу азаматтық қорғау қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге, бірлескен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1298010?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version