ШҚО әкімі Марқакөл ауданының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданындағы Қалжыр ауылында аудан тұрғындарымен кездесті.

 Төменде жиында айтылған негізгі тезистер ұсынылып отыр:

 Марқакөл ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ауданның одан әрі дамуы үшін берік негіз болатын салалар: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жоғары туристік әлеует, шағын және орта бизнес.

 Ауданда өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, 1 млрд теңгеге мыс өндіру және қайта өңдеу зауытын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру өндірістік қуаттарды кеңейтуге және металлургиялық мақсаттағы өнім шығару көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2028-2030 жылдары аудан аумағында алтын өндіретін фабрика және Қалжыр өзеніндегі шағын СЭС каскадын салу бойынша 2 жобаны іске асыру жоспарланған.

Марқакөл ауданында 330-дан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мал шаруашылығы оң қарқынмен дамып келеді. 8 ай ішінде 3,1 мың тонна ет өндіріліп, 8,3 мың тонна сүт сауылды. Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартуды жандандырып, жем-шөп базасын нығайту қажеттігін жеткізді.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 11 туристік маршрут жұмыс істейді. Ақжайлау ауылында «Уасси» этно-ауылы дамып келеді. Онда ұлттық мәдениет пен дәстүрлер ұсынылып, табиғатта демалу және атпен серуен ұйымдастырылған. Туризмді дамыту үшін Урунхайка ауылының рекреациялық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымды абаттандыру және ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылды.

2,5 мыңға жуық адам тұратын Марқакөл ауылында сумен қамту жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жобасы қолға алынған. Осы жылдың 28 шілдесінде жүйе іске қосылды және Марқакөл ауылының тұрғындары жаңа көзден сапалы ауызсуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта жобаны ары қарай іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Марқакөл ауданында барлық 43 автономды қазандық пен бюджеттік ұйымдар 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын. Аудан орталығында жылу желілерін қайта жаңарту және қуаты 12,5 МВт құрайтын жаңа қазандық салу жобалары әзірленді. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы жобаларды қаржыландыру мәселесі пысықталуда.

Ауданда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 12 бірқабатты үй (24 пәтер) салу көзделген. Ал жалпы облыста жыл қорытындысы бойынша 408 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Марқакөл ауданында 23 елді мекеннің 19-ы немесе халықтың 90,9%-ы интернетпен қамтылған. Қалған ауылдар 2027 жылдың соңына дейін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту арқылы интернетке қосылмақ.

Ауданда мектепке дейінгі біліммен қамту 98,7%-ды құрайды. 2-ден 6 жасқа дейінгі 22 бала кезекте тұр. Осы жылы оффтейк-келісімшарт шеңберінде Қайнарлы ауылында 50 орындық мектеп салынып, Төсқайың ауылында 100 орындық мектеп құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 2 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданының әкіміне білім басқармасымен бірлесіп, 2-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі қосымша орындарды құру жөнінде шаралар қабылдау міндетін қойды.

Ауданда 22 мәдениет және 59 спорт нысаны жұмыс істейді. Марқакөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау бойынша шаралар қабылдануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары әлеуметтік міндеттемелер шеңберінде жалғасып жатыр.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1297722?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version