Түркістан облысында мақта өңдеу кәсіпорындарының өрт қауіпсіздігіне бақылауды күшейту мақсатында мобильдік топ құрылып, Жетісай ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Жетісай ауданында мақта өңдеу зауыттарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және тиісті мамандар қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында мақта өңдеу кәсіпорындарының аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік нысандардағы электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, өрттің алдын алу, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерінің талапқа сай болуы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің дайындығы бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, мақта өңдеу кезінде пайда болатын өндірістік қалдықтарды қауіпсіз сақтау, технологиялық жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету және жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Түркістан облысы аумағындағы мақта өңдеу кәсіпорындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында мобильдік топ құрылды. Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізілді.
Мобильдік топтың негізгі міндеті – мақта зауыттарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайын зерделеу, кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, анықталған кемшіліктердің алдын алу және оларды жою бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.
Түркістан облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, өндірістік нысандарда қауіпсіздік шараларын күшейтуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1297809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау