Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа әкімдіктің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, аудан прокуратураларының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар қаланың абаттандыру және санитарлық жағдайы, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі және экология саласындағы цифрлық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылады.
Прокуратура мемлекеттік сатып алу кезінде бұзушылықтарды анықтап, оларды жою және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда. Бюджет қаражатын ұрлаудың жекелеген фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Лауазымды тұлғалардың аумақтың санитарлық жағдайына, заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жоюға және автокөлік шығарындыларына автоматтандырылған бақылауды енгізуге қатысты жауаптылығына ерекше назар аударылды.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты шаралар айқындалды.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1299224?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау