Бүгін, 26 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесінде жаңадан бой көтерген алаңда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданынан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, сондай-ақ Қарағанды мен Шахтинск қалаларындағы қайта өңдеу кәсіпорындары қатысуда.
Жәрмеңке сөрелерінен ет, картоп, көкөніс, сүт және балық өнімдері, жұмыртқа және басқа да азық-түлік тауарларын табуға болады. Алғашқы жәрмеңкеге өндірушілер жалпы көлемі 450 тоннадан асатын өнім жеткізді. Оның ішінде 52 тонна ет, 240 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 9 тонна балық өнімдері, 170 мың дана тауық жұмыртқасы және басқа да 20 тонна өнім бар.
Жәрмеңкеде тауарлар орташа нарықтағы бағадан 10–15 пайыз төмен бағамен саудаланып жатыр. Осылайша қала тұрғындары жаңа әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Қарағандыда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 3 қазанда өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1299222?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау