Тбилиси қаласында (Грузия) өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Асылан Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ол J1 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге 44 елден 290 спортшы қатысып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299221?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау