БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Қайрат Ақшолақ Шалқар қаласындағы білім беру ұйымдарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.

 

Нысандарды аралау барысында қысқы кезеңге әзірлік жұмыстары, жылу жүйелерінің жағдайы және ғимараттарда тиісті температуралық режимді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

 

«Білім беру ұйымдарында балалардың алаңсыз білім алуына, педагогтердің қалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалуы қажет. Сондықтан жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізудің маңызы зор. Әр нысанның әзірлігіне мұқият қарап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу қажет», – деді аудан әкімі.

 

Білім беру ұйымдарының қысқы кезеңде тұрақты жұмыс істеуі үшін дайындық шараларын жүйелі жүргізуге баса мән берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1299292?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version