ШҚО-да «TourEast ALTAI» фестиваліне 20-ға жуық елдің өкілдері қатысты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін облыс орталығындағы Солжағалау кешенінде Дүниежүзілік туризм күніне орай «TourEast ALTAI» фестивалі өтті. Оған әлемнің 17 елінен қонақтар келді. Олар Шығыс Қазақстан аумағында тұратын этностардың үйлері ұсынылған бірегей этноауылмен танысып, естелік ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасының мәліметінше, ауқымды туристік көрмеде туроператорлар мен турбизнес нысандары өңірдің бай әлеуетін, оның табиғи көрікті жерлерін, мәдени мұрасы мен туризмді дамытудың заманауи мүмкіндіктерін таныстырды. Өздерінің бірегей өнімдері мен қызметтерін «Вояж», «Altay-Pro.kz», «Drivejeepkz» және «KatonKaragay Tour» туристік компаниялары, Шығыс Қазақстан бойынша тікұшақ турларын ұйымдастырушы «Adventure VKO» және «БЕЛАЛЕКС» өзен серуендері, сондай-ақ «MEDOVAYA MARKA» бренді ұсынды. Облыстың табиғи байлығын Батыс-Алтай және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі паш етті.

Фестивальде іскерлік бағдарламаға да ерекше назар аударылды. Диалог алаңында сарапшылар халықаралық тәжірибе алмасу, заңнаманы жетілдіру, қызметтердің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін жаңа платформаларды енгізу, турбизнесті мемлекеттік қолдау шаралары сынды негізгі мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек негізгі капиталға инвестициялар тарту және тау-шаңғы курорттарын, бес жұлдызды қонақ үйлерді, wellness-отельдер мен пантымен емдеу орындарын салу сияқты жобаларды іске асыру жайы жеке талқыланды.

Фестивальде жас туристерге арналған алаң да болды. Балалар үшін «Антарес» клубы отбасылық квест пен туристік кедергілер жолағын ұйымдастырды. Гастрономиялық алаңда қонақтар Катонқарағайдың балы мен шөп шайларының дәмін татып көрді.

Шарада бейінді номинациялар бойынша облыстық байқаудың жеңімпаздары жарияланып, туризмді дамытуға қосқан азаматтарға мадақтамалар табысталды.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1299293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version